Жаңалықтар

Тұрғындар наразы: Астанада «жылдам салынатын» тұрғын үйлер көбейген

Астанада соңғы жылдары дайын құрылыс блоктарынан тұрғызылатын көпқабатты тұрғын үйлердің саны айтарлықтай артты. Мұндай нысандардың салыну қарқыны өте жоғары — кейбір ғимараттар бірнеше айдың ішінде пайдалануға беріледі. Алайда құрылыс қарқынының артуы қала тұрғындары арасында бірқатар сұрақ пен күмән туғызып отыр, деп хабарлайды qandastar.kz

Елордалықтардың алаңдаушылығы ең алдымен мұндай үйлердің беріктігі мен қауіпсіздігіне қатысты. Қала климаты күрделі: қыста қатты аяз, температураның күрт ауысуы, көктайғақ пен боран жиі қайталанады. Ал көктем мен күз айларында ылғалдылық пен жауын-шашын көбейеді. Мамандардың айтуынша, мұндай климат құрылыс материалдарына да, ғимараттардағы тігістер мен қосылыстарға да әсер етуі мүмкін.

Кейбір тұрғындар «жедел тұрғызылған» үйлердің ұзақмерзімділігіне сенімсіздік білдіріп, пәтер сатып алудан тартынатындарын ашық айтады. Бұған қоса сапасыз салынған тұрғын үй кешендеріне қатысты шағымдар мен даулар да қоғамда жиі талқыланып келеді.

Қазір қалада құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Дегенмен сарапшылар жаңа технологияларды қолдану міндетті түрде сапаны төмендетуі керек дегенді білдірмейтінін айтады. Бірақ тұрғындардың күмәні сейілмей тұрғаны да жасырын емес.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button