Жаңалықтар

Астанадағы балабақшада екі әйел бір-бірін соққыға жықты

Фото: видео кадр

Астанадағы балабақшада екі әйелдің арасында төбелес болды, деп жазды qandastar.kz

Оқиға Астанадағы «Балбөбек» балабақшасында болған. Желіде тараған видеодан екі әйелдің бір-бірін жұлқылап, ұрып-соққанын байқауға болады. Ал екеуінің жанында тұрған кішкентай қыз бағананың артына тығылып қалады. Сондай-ақ кадрлардан әйелдердің бірінің аяғы ауыр екенін көруге болады.

Жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Дегенмен екеуі де дене жарақатын алғанын айтып, полицияға арыз түсіріпті.

«Қақтығысқа қатысушылар дене жарақаттары бойынша полицияға арыз жазды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close