
Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігінде LRT құрылысына байланысты 2024 жылғы 30 желтоқсанға дейін көлік қозғалысы шектеледі, деп жазды qandastar.kz
Zakon.kz жазғандай, City Transportation System хабарлауынша, №105 станциясында қаңылтыр қоршаулар демонтаждалады.
«Осыған байланысты Қабанбай батыр даңғылының «Астана Жұлдызы» аялдамасынан Хусейн бен Талал көшесі бағытындағы бір жолағы 100 метрге ішінара жабылады», — делінген хабарламада.



