Жаңалықтар

Астанадағы лифтта жасөспірім баланың бетін тілгілеген

Фото: видеодан скрин

Астанадағы көпқабатты үйдің лифтінде орын алған оқыс оқиға жұртшылықты алаңдатып отыр, деп жазады qandastar.kz

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған азамат кішкентай баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған.

Зардап шеккен бала дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршіннің жағдайы ауыр.

Тергеу барысында күдіктінің (жасөспірім) шынында да психоневрологиялық есепте тұрғаны анықталған. Енді оның ата-анасы ауытқуы бар адамды тиісінше қадағаламағаны үшін қатаң жауапқа тартылады. 

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті. 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close