
Елордалық өрт сөндірушілер аялдама павильонында болған өртті сөндірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
ТЖМ мәліметінше, Астана қаласының 112 пультіне Сарайшық ауданындағы Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан қоғамдық көлік аялдамасынан түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.
Салынып жатқан нысан аумағындағы аялдама павильонының жертөлесінен түтін шыққаны анықталды.
Электр қалқанындағы электр кабельдері мен құрылыс қоқысы жалпы көлемі 10 шаршы метр аумақта өртенген.
Өрт сөндірушілер жедел түрде өртті сөндіріп, оттың көрші бөлмелерге таралуына жол бермеді.
Зардап шеккендер жоқ.
Себебі анықталып жатыр.



