Жаңалықтар
Астанадағы сауда орталығынан өрт шықты

Фото: ТЖМ
Бүгін елордадағы «Сарыарқа» сауда орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды qandastar.kz
Оқиғаға қатысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.
«Осы сәтте Астана қ. өрт сөндірушілері Нұра ауданы Тұран даңғылы бойында орналасқан Сауда-ойын сауық орталығындағы өртті сөндіруде.
Құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс жасауда», – делінген ТЖМ хабарламасында.