Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде кәмелетке толмағандар қатысқан жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Instagram желісіндегі aktivniy_selinograd_talapker паблигі төбелес кезінде түсірілген видеоны жариялады. Куәгерлердің айтуынша, «Көктал» СО-да бір топ жас жігіт шу шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Жанжал орталық қонақтарына кедергі келтіріп, келушілерге ыңғайсыздық тудырған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен төбелестің нақты себептері анықталып жатыр. Астана полиция департаменті хабарлағандай, төбелеске қатысқан барлық тұлғалар, соның ішінде жасөспірімдер, Сарыарқа ауданы полициясына жеткізілген. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Полиция ата-аналарға балаларды тәрбиелеуге көңіл бөлуді және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауды түсіндірудің маңызды екенін ескертеді.
Толығырақ: KAZ.NUR.KZ.



