Жаңалықтар

Астанадағы тандырханада төрт жұмысшы күйіп, ауруханаға түсті

Елорданың Алматы ауданынданындағы М.Жұмабаев көшесінің бойындағы екі қабатты ғимаратқа жапсарласа салынған бір қабатты тандырхана өртенді, деп жазады qandastar.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері келгенге дейін тұрмыстық газ баллонындағы газ-ауа қоспасының тұтануы салдарынан жарылыс болып, тандырхананың бір бөлігі қираған.

Құтқарушылар жедел түрде бес газ баллонын сыртқа шығарып, өрттің негізгі ғимаратқа таралуына жол бермеді.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және шұғыл жұмысының арқасында өрт ауыздықталды.

Соған қарамастан, тандырхана жұмыскерлерінің төртеуі күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы нақтыланып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button