Жаңалықтар

Астанадағы төрт баланың өліміне себеп болған өрт бойынша тергеу басталды

Фото: ашық дереккөз

Қалалық ТЖД тергеу бөлімі оқиғаны тергеумен айналысады. Департамент істің ҚР ҚК 292-бабы (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша жүргізілгенін хабарлады, деп жазады qandastar.kz

«Екі қабатты тұрғын үйде өрттің болуына және оның салдарынан балалардың қаза табуына байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы фактісі бойынша ТЖД тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Бұл бап өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады, сондай-ақ үш жылға дейінбелгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мүмкіндігін қамтиды», – деп хабарлады Астана ТЖД баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары тергеу аяқталғаннан кейін оқиға бойынша нәтижелерді жариялайтынын мәлімдеді.

17 қарашада Астана қаласындағы жеке екі қабатты тұрғын үйде болған. Өрт үйдің шатырын қамтып, оның бір бөлігі құлап кеткен. Оқиға салдарынан 2 жастан 13 жасқа дейінгі балалар қаза болды.

Үш ұл мен бір қыз. Үй өртенген уақытта өздерінен басқа ешкім болмаған. Балалардың анасы оларды жалғыз асыраған. Өрт болған уақытта жұмыста болыпты.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close