Жаңалықтар

Астанаға бірнеше елдің президенттері келгелі жатыр

Фото: ашық дереккөз

Астанаға бірнеше елдің президенттері келгелі жатыр, деп жазды qandastar.kz

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесі өте тығыз. 28-29 мамыр күндері Қазақстанға Руанда Президенті Поль Кагаме ресми сапармен келеді. 28 мамырда Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Төрағасы Анке Релингермен кездесу өтеді. 28-29 мамыр күндері Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновская-Давкова жұмыс сапарымен келеді. 28-29 мамырда Астанаға Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленкович жұмыс сапарымен келеді.

29 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына (AIF) қатысады және ресми делегация жетекшілерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді. 30 мамырда елімізге Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келеді. Сол күні аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірінші «Орталық Азия – Италия» саммиті өтеді. 31 мамырда Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараға қатысады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close