Астана көшелерінде бірнеше жылдан бері қала тұрғындарын таңғалдырып жүрген әйел бейнебақылау камераларының объективіне тағы да түсіп қалды. Салқын ауа райына қарамастан ол әдеттегідей жазғы купальникпен серуендеп жүр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі astana__press парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін де елорда тұрғындары оны қала көшелерінен бірнеше мәрте байқаған. Кейде қолында чемодан ұстап жүргені көрінсе, кейде онсыз да жүрген сәттері болған. Әр жолы оның өзгеше келбеті әлеуметтік желілерде қызу талқыланып келеді.
Мұндай ауа райында қалайша тоңбай жүретіні көпшілік үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Дегенмен, ерекше серуен сәтінен түсірілген кадрлар астаналықтар арасында тағы да кеңінен талқылануда.



