Жаңалықтар

Астаналық әйелді өлтіріп, өзі терезеден секіріп кеткен

Фото: ашық дереккөз

Астанадағы элиталық тұрғын үй кешенінде жан түршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды qandastar.kz

36 жастағы азамат жанжал кезінде азаматтық некедегі әйеліне пышақ салып, артынша көпқабатты үйдің ең жоғары қабатынан секіріп кеткен. Ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген күдікті қазір тәртіп сақшыларының бақылауында.

Қайғылы оқиға 19 маусым күні күндіз болған. Пәтер ішіндегі жанжалға балалардың бірі куә болған. 33 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды. Екі ұл – 7 және 10 жастағы балалар анасынан айырылып қалды. Желіде тараған деректерге қарағанда, отбасылық жанжалдың түп-төркіні — қаржы мәселелері болуы мүмкін.

Қазір қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close