Жаңалықтар

Астаналық краннан секірмек болған жерінен құтқарылды

Фото: Polisia.kz

Елордада полицей 60 метрлік краннан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды qandastar.kz

Тәртіп сақшыларының арасында басын қатерге тігіп, адамдардың өмірін сақтап қалған азаматтар көп. Солардың бірі – Астана қаласы ПД Сарыарқа аудандық жанындығы ПБ жедел уәкілі Руслан Байбөриев. Ол 60 метрлік кранның төбесіне шығып, секірмек болған ер адамды құтқарып қалды.

Руслан түнгі сағат 03:10 шамасында «102» арнасына түскен қоңыраудан кейін оқиға орнына дереу жетіп, бірден баспалдақпен жоғары көтеріліп, суицид жасамақ болған жігітпен сөйлесіп, оны сабырға шақырды. Сол сәтте оның сеніміне кіріп, қауіпсіз жерге түсірді.

«Мұндай жағдайда сақтық шараларын білу өте маңызды. Мен онымен тілдесіп, сабырға шақыруға тырыстым, оның ойын басқаға бұрып, өзін жалғыз сезінбеуіне көмектестім. Ол мені тыңдай бастаған сәтте қолынан ұстап, құшақтап, қауіпсіз жерге түсірдім», – деді Руслан Байбөриев.

Полицей ер адаммен сөйлесіп жатқан кезде оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келіп жетті. Бірлескен күш-жігердің арқасында оны қауіпсіз жерге түсірді. Жедел жәрдем қызметкерлері 35 жастағы азаматтың денсаулығын тексеріп, үйіне жеткізді. Ол бұл әрекетін эмоцияның әсерімен жасағанын, салдарын ойламағанын мойындап, өмірін сақтап қалғаны үшін полиция капитанына шын жүректен алғыс айтты.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close