Әлеумет және қоғам

Астаналық қыз жігіті мен оның анасы қорлық көрсеткенін мәлімдеді

Фото: Astanovka98

Астанада 25 жастағы қыз полицияға шағымданып, жігіті мен оның анасы тарапынан соққыға жығылғанын айтты. Оның сөзінше, оқиға түнде, достарының тойында басталған жанжалдан кейін болған, деп хабарлайды qandastar.kz

Зардап шеккен қыздың айтуынша, жігіті оны қылқындырып, анасы ұрып, пәтерден күштеп шығарып жіберген. Бұған дейін оның киімін және іш киімін жыртып тастаған. Қыз алдымен ауруханаға барып, кейін полицияға арыз жазған. Дәрігерлер оның мұрны сынғанын және денесінде көгерген жарақаттар барын анықтады.

Астана полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазір сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы тексерілуде.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close