Әлеуметтік желіде астаналықтар күннің ерте батуын жиі қозғап жатыр. Бұл туралы qandastar.kz ақпарат порталы astana__press парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Желі қолданушыларының айтуынша, сағат 17:00-де қала «қарайып» кетеді. Халық қазіргі уақыт белдеуіне наразы, әсіресе олар қыс айында маусымдық уақытқа ауысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.
Қала тұрғындары мұның мектеп оқушыларына, балаларымен жүрген ата-аналарға және жұмыстан қайтатын адамдарға қиындық тудыратынын атап өтті.



