
Фото: Chris Unger/Zuffa LLC
Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде қазақ Асу Алмабаев (21-3) перулік файтер Хоче Очоамен (8-1) жекпе-жек өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп жазды Qandastar.kz
Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Алғашқы екі раундта Асу перуліктен партерде де, ашық төбелесте де басым болған. Ал, үшінші кезеңде екі рет қылқындыру әдісіне түсіп қалды. Соған қарамастан, раундты соңына дейін жеткізіп, жеңіс тұғыпрына көтерілді.
Айта кету керек, Асу Алмабаев UFC-де алтыншы жекпе-жегін өткізіп отыр. Оның бесеуінде жеңіске жетіп, бірінде жеңілген. Соңғы кездесуі анголалық Манелу Капеге қарсы өтіп, қазақ файтерінің жеңілісімен аяқталды (техникалық нокаут). Соған қарамастан отандасымыз UFC рейтингінде тоғызыншы орында тұр.



