Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың анасы дүниеден озды. Қаралы хабарды әріптесі Мақсат Толықбай жеткізді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Ринат Зайыт бауырымыздың анасы қайтыс болды. Асылынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сұрап жатқандар үшін жаназа намазы да, жерлеу рәсімі де Семей қаласында өтетінін айта кетейін», — деп жазды депутат.



