Әлеумет және қоғамЖаңалықтарШоу бизнес

«Асыранды баламын»: Жан Ахмадиев туған анасының тастап кеткенін айтты

Журналист әрі қоғам белсендісі Жан Ахмадиев белгілі тележүргізуші Баян Мақсатқызына қатысты бұрын айтқан сөздері мен әрекеттерін түсіндіріп, кешірім сұрады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Qazaqtoday Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Менің «Темір қатын» деген рэпімді арнайы Баян Мақсатқызына арнап шығарғаным үшін ол маған ренішін білдірді. Сол кезде мінезім от болып тұрған жас шағым еді. Кейін ойым өзгерді. Бұрын «әйелді аптасына бір рет ұрып тұру керек» деп айтқаным да бар. Бірақ бұл – бұрынғы Жан Ахмадиевтің сөзі. Қазір мен ондай ойдан толық бас тарттым», – деді ол.

Ахмадиев өз балалық шағы мен отбасылық қиындықтары әйелдерге деген реніш қалыптасуына әсер еткен болуы мүмкін екенін де айтты.

«Негізі мені асырап алған ғой. Шешем тастап кеткен. Содан кейін менде әйелдерге деген жеккөрініш бар ма деймін, психологтардың айтуынша.  Шын мәнінде біздің қоғамда әйелдің қадірі әлі толық бағаланбайды. Керісінше, кейде еркектердің өзі әлсіреп, әйелдеріне қол көтеретін жағдайлар жиілеп кетті», – деді ол.

Сондай-ақ Ахмадиев өз сөзін нақтылап, барша әйелдерден кешірім сұрады.

«Мені көріп отырған барлық әйелдерден кезінде айтқан ауыр сөздерім үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Қателігімді мойындаймын», — деді ол.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button