Жас шабандоз Хоаким Даппер Бразилияда өткен бәйге кезінде аттан құлап, алған ауыр жарақаттарынан кейін ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды qandastar.kz сайты Tengri Sport-қа сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Гавеа ипподромында өткен ат жарысы барысында болған.
Белгілі болғандай, мәреге санаулы метр қалғанда 16 жастағы Хоаким Даппер тепе-теңдігін жоғалтып, аттан құлап кеткен. Ол бірнеше рет домалап, жылқының тұяғы астында қалған. Бұл оқиғадан кейін жарыс бірден тоқтатылды.
Дәрігерлер шабандозға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны ауыр халде жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізген. Ақ халаттылар оның жағдайын тұрақтандыруға тырысқан.
Бірнеше күннен соң жас спортшы арнайы ем қабылдау үшін басқа медициналық мекемеге ауыстырылды. Алайда, бір аптадан кейін дәрігерлер оның миының өлімін тіркеді.
Jóquei Joaquim Pavoski Dapper, de apenas 16 anos, promessa do turfe, sofreu uma queda no último páreo no hipódromo da Gávea, no dia 9. Ele teve morte cerebral confirmada nesta quarta (17)
Crédito: TV Turfe pic.twitter.com/4WdBD6mJxe
— Jornal O Dia (@jornalodia) December 19, 2025



