Белсенді ұстаз Асқар Сыздықов ашынып, үндеу жасады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі democratkznews парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, мерекелердің бірінде екі ата-ана мұғалімнің кабинетіне ескертусіз сыйлық қалдырып кеткен.
Ұстаз кейін ата-аналармен байланысып, сыйлықтың қажет еместігін айтып, мұндай жағдайдың өзіне қиындық тудыруы мүмкін екенін ескерткен. Алайда осы әрекет ата-аналар чаттарында басқаша сипат алып, «мұғалім ата-аналардан ақша жинап, сыйлық алды» деген мазмұнда тараған.
Нәтижесінде мәселе Білім басқармасына дейін жетіп, тиісті тексеру жұмыстары жүргізілген. Асқар Сыздықов бұл жағдайдан кейін мұғалімдерді қорғап қалған мектеп басшысына алғысын білдірді.
Сонымен қатар ол әріптестеріне осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін қандай әрекет ету керектігі жөнінде кеңес сұрап, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынаста ашықтық пен сақтықтың маңызын атап өтті.



