ЖаңалықтарШоу бизнес

«Атақты берген адамнан сұраңдар»: Белгілі актер хейтерлерге жауап берді

Белгілі актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында алған атағына қатысты сынға жауап берді. Бұл туралы   Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі bairaqmedia.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еркебұлан Тоқтардың сөзінше, «Атақты неге алдың?» деп өзінен емес, оны берген адамдардан сұрау керек.

«Берді, алдым», — деді актер.

Сондай-ақ ол бұл атақ ешқандай жеңілдік бермейтінін және оған ақша төленбейтінін айтты.

Айта кетейік, актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтарға президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген болатын. Алайда желі қолданушылары арасында Еркебұлан Тоқтар бұл атаққа лайық емес деп сынағандар көп болған еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button