Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында дағдарыс туды ма?

Басқарма төрағасының төрт орынбасары бір мезгілде қызметінен кеткеннен кейін Палатаның ішіндегі түйткілді мәселелердің шеті ашыла бастады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы қоғам белсендісі Аида Жексеноваға сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов Палатаға жолдаған сауалына ресми жауапты жариялады.

Жылдар бойы Палата біртұтас цифрлық экожүйе, норма шығарудағы бизнес ықпалының артуы, ашық басқару моделін құрғанын жариялап келеді.

Алайда жауаптан «Атамекен» уәде еткен трансформация жүзеге асырылмағанын көруге болады.

Сондай-ақ Ұлттық палата тексеру есептерін беруден бас тартқан.

Депутат өз сауалында 2016 жылдан бергі цифрландыру нәтижесі, шығындар, тексеру есептерін сұраған болатын.

Алайда Палата «ақпарат белгілі бір топқа ғана қолжетімді» деген құрғақ жауаппен құтылған.

Алайда Қошмамбетов мұндай құжаттар көптеген мемлекеттік органдарға қолжетімді екенін, тек парламент мүшелері немесе бизнес ала алмайтынын алға тартуда.

Жыл сайын республикалық бюджеттен Палатаға кәсіпкерлерді қолдауға, байқау ұйымдастыруға, қаржылық емес қолдау операторының функцияларын орындауға, шағын және орта бизнес субъектілеріне қызмет көрсетуді жүзеге асыруға қаражат бөлінеді.

Аида Жексенованың айтуынша, қаржыландыру болғанымен, нәтиже көрінбейді.

Осындай жанжалдың ортасында басшылық жаппай отставкаға кетті.

ҰКП үшін бір күнде төрт төраға орынбасарының бір уақытта жұмыстан шығарылуы – сирек кездесетін жағдай.

Дегенмен «Атамекен» ресми түсініктеме бермеді.

Бірақ бизнес қауымдастығы мен депутаттар үшін бұл дағдарыстың белгісі сияқты көрінеді.

Депутат ҰКП-дан жария есеп беруді және барлық цифрлық жобалардың ашықтығын талап етіп, жаңа сауалдар жолдады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button