Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков жұбайы Гүлзирамен бірге немерелерін қуантқан сәтпен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Олар кішкентай бүлдіршіндерге киім-кеше сыйға тартып, видеоны өз желісінде жариялады.
Желі қолданушылары жылы видеоға жылы сөздерін жазып жатыр.
«Керемет жандар немерелерін еркелетіп, қуантып жүрген. Өзімізде солай жасауға тырысамыз», «Ата әжесі қалай жақсы көреді ,еш баласын келінін бөліп жармайды», «Атасы мен апасы ұзақ жасай беріңіздер» және «Атасы мен әжесі бай қуатты болыңдар» деп қолдау білдіріп жатыр оқырмандары.



