
Атбасар қаласында футбол жарысы кезінде қайғылы жағдай болды.
Матч барысында 58 жастағы ер адамның денсаулығы күрт нашарлап, ол алаңда есінен танып қалған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиғаға куә болғандар мен медицина қызметкерлері бірден көмек көрсетуге тырысқан. Алайда дәрігерлердің әрекетіне қарамастан, ер адам есін жимастан қайтыс болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм аймақтық жарысқа Астанадан келген.
Қайғылы жағдайды Ақмола облысының полициясы растады. Қазір Атбасар аудандық полициясы 1968 жылы туған ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған.
Полицияның хабарлауынша, алдын ала өлімге жүрек ауруы себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта тиісті тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша оқиғаның нақты мән-жайы анықталады.



