Белгілі имам Данияр Жұмабековтың «атеистер – адам бейнесіндегі шайтандар» деген пікірі айтылған видео әлеуметтік желіде тарады, деп жазады qandastar.kz.
Имам журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында:
«Атеистердің өздері – жын. Адам бейнесінде жүрген шайтандар», – дейді.
Видео көп қаралым жинап, оны сынағандар да аз болған жоқ.
«Мынаны жауапқа тарту керек»,
«Дәлелсіз ертегі — дәлел болып есептелмейді ғой»,
«Кеңес өкіметі кезінде халықтың 80 пайызы атеист болды, партия бәрін қадағалап, адалдық туралы пікірлерін жаздыртып отырды», — деп пікір жазды халық.
@serikqazy Данияр Жұмабеков: Атеистер — адам бейнесіндегі шайтандар. #атеистер #шайтандар #данияржұмабеков #шайтан ♬ original sound — serikqazy



