ЖаңалықтарШоу бизнес

«Атсалысады деген үміттемін»: Ұлықпан Жолдасовтың жұбайы әншілерге үндеу тастады

Жуырда сазгер әрі әнші Ұлықпан Жолдасов 60 жылдық мерейтойына арналған концерт өткізуді жоспарлап отыр, деп жазады qandastar.kz порталы.

Осыған орай әншінің жұбайы Айған Жолдасова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында үндеу тастады.

«60 жасқа арналған концертімізге ағасының өнердегі ең жанашыр інілері атсалысады деген үміттемін, еңбек жолында бірге келе жатқан өнер азаматтары қасынан табылады деген ниет. Алла қаласа бұл жасқа аман-есен жетіп, барлық тындармандарымен әдемі кеш өткізсе екен деген тілек», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары сазгердің концертін қуана күтетіндерін айтып жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button