Жаңалықтар

Атырау Әбиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюловаға Zeekr мінгізді

Фото: әлеуметтік желіден

Париж Олимпиадасында Атырау облысының намысын қорғаған қос дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюловаға жерлестері Zeekr көлігін мінгізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Демеушілер тарапынан ұйымдастырылған сыйды облыс әкімі Серік Шәпкенов салтанатты түрде табыстады. Әбибиға көлігінің нөмірі қоса берілді. «Крутой» нөмірдің құны – 840 мың теңге.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Әбужақынова 48 келіде өнер көрсетті. Ол қола жүлде үшін тартыста швециялық балуанға есе жіберіп, бесінші орын алды. Ал Эсмигуль Куюлова алғашқы айналымнан әрі аспаған.

Екі спортшы да Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. Кейіннен тарихи отанына қоныс аударып, қазіргі кезде Атырау облысының намысын қорғап жүр.

Бұған дейін Әбибаға Мәжіліс депутаты, кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров Kia Ceed маркалы көлігін берген.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close