2026 жылғы 14 қаңтар күні Атырау әуежайында қонған FlyArystan әуе компаниясының ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Ұшақ бортында жолаушылар болған, деп жазады qandastar.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, FlyArystan әуе компаниясының ұшағы «Алматы – Атырау» бағытында FS7202 рейсін орындап, қонды.
Қонғаннан кейін және ұшу-қону жолағын босатқан соң, рөлді тұраққа қарай бұрған кезінде әуе кемесі төмен жылдамдықпен жермен жүру жолынан шығып кетті. Бортта 166 жолаушы болды, олардың барлығы ұшақтан түсірілді. Жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлайды әуе компаниясы.
Сондай-ақ, FlyArystan компаниясының өкілдері жағдайды белгіленген тәртіпке сәйкес тергеп-тексеру үшін әуежай қызметтерімен және авиациялық билік өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын хабарлады.



