Жаңалықтар
Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеу басталды

Фото: ашық дереккөз
Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды qandastar.kz
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өңірдегі департаменті зауыт қызметінде монополиялық сипат байқалады деп күдіктеніп отыр. Оған нарықтағы мұнай өндіру көлемінің және бағасының динамикасына жүргізілген талдаулар негіз болған.
24kz жазғандай, зауыттың соңғы үш жылда орташа бағаны 31%-ке ұлғайтқаны анықталған. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.