Жаңалықтар

Атырау облысында тәрбиеші мүгедектігі бар баланы ұрып-соққан

Атырау облысында әлеуметтік орталықтың тәрбиешісіне қатысты мүгедектігі бар баланы ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады qandastar.kz.

Әлеуметтік желілерде орталық тәрбиешісінің өз қамқорлығындағы баланы ұрып-соғып жатқан сәті түсірілген бейнежазба жарияланды. Кадрларда әйелдің баланы жұлқылап, бірнеше рет ұрғаны анық байқалады.

Оқиға 2024 жылы болған. Ал бейнежазба биыл 25 қыркүйекте әлеуметтік желіде тарады.

Полицияның хабарлауынша, қазір тәрбиешінің әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Оқиғаға қатысты куәгерлерден жауап алынуда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button