Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Атырау облысында жоғалған отбасы ісі: ерлі-зайыптының мәйіті табылды

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылында бүтін бір отбасы жоғалып кеткен болатын.

Ерлі-зайыптының мәйіті табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы облыстық полицияға сілтеме жасап.

Ұлы мен қызы әлі іздестіріліп жатыр.

«Қызылқоға ауданында Атырау облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен  ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды.

Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда», — делінген мәлімдемеде.

Аталған факті бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілердің жеке басы анықталды.

Қазіргі таңда оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары тиісті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Сондай-ақ бұл отбасының кіші қызы мен күйеу баласы шет мемлекетте жүргені анықталған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button