Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Атырау облысында жол апатынан бір отбасының екі баласы қаза тапты

Атырау облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі сәби қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қайғылы жағдай 26 наурыз күні Доссор кентінде тіркелген.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Estima маркалы автокөлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Opel көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соққы салдарынан Opel аударылып қалған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Жол апаты кезінде Opel көлігінде болған екі бала ауыр жарақат алып, медициналық мекемеде көз жұмған.

Қаза тапқандар бір отбасының балалары екені белгілі болды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button