Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Атырау облысының шекарасы өзгертілмек

Атырау облысының шекарасы өзгеретіні туралы премьер-министрдің қаулы жобасында айтылады, деп хабарлайды  qandastar.kz.

«Атырау облысының шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі арасындағы жалпы алаңы 3 954 015,300 гектар жерді Атырау облысы аумағына қосу жолымен Атырау облысының шекарасы өзгертілсін», – делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.

Аталған қаулының жобасы 15 шілдеге дейін талқыланады.

Облыстың шекарасын өзгертуге мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат талап етпейтіні және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайтыны түсіндірме жазбада нақты белгілі болмақ.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close