Әлеумет және қоғамЖаңалықтарСпорт

Атырауда 13 жастағы жасөспірім баскетбол ойнап жүріп көз жұмды

Қайғылы оқиға 8 қаңтар күні Атырау қаласындағы «AiRom Arena» спорт кешенінде болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы «АқЖайық» басылымына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірім жедел жәрдем қызметкерлері келгенше көз жұмған.

Спорт кешенінің медбикесі жасөспірімге жүрек-өкпе реанимациясын жасағанымен, 103 бригадасы келген кезде бала өмірден өткен еді.

«Жасөспірімде жүрек жеткіліксіздігі болған, алайда ол ресми есепте тұрмаған», — деп жазады басылым өз деректеріне сүйеніп.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button