Жаңалықтар

Атырауда 14 жастағы мектеп оқушысы іздестіріліп жатыр

Атырауда 14 жастағы Руфина Бақтыгерейдің жоғалуына байланысты полиция мен еріктілер іздеу шараларын бастады. Бұл туралы қыздың туыстары хабарлады, деп жазады qandastar.kz порталы.

Оқиға 2025 жылғы 1 желтоқсан күні болған. Туыстарының айтуынша, 2011 жылы туған оқушы кешкі уақытта інісімен бірге үйден шыққан, алайда мектепке бармаған және кейін үйіне қайта оралмаған.

Қыздың үстінде қара куртка, көк шалбар, мектеп формасы және қызыл кроссовка болған. Бейнебақылау камералары Руфинаның інісімен бірге үйден шығып, өзен жаққа қарай бет алған сәтін тіркеген. Осыдан кейін оның қайда кеткені белгісіз.

Қыздың ата-анасы полицияға жүгініп, оны көрген немесе қандай да бір ақпарат білетін тұрғындардан 8 778 287 07 82 нөміріне хабарласуды сұрайды. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button