Жаңалықтар
Атырауда 9 жасар баланың үстіне мотоцикл құлап кетті

Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет алаңында 9 жасар баланың үстіне электрлі мотоцикл құлап кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
ПД мәліметінше, оқиға 13 шілде күні түнгі сағат 01:17 шамасында тіркелген.
2016 жылы туған жасөспірім дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы туралы нақты мәлімет берілген жоқ.
Электрлі мотоциклдің иесі – 1985 жылы туған ер адам. Оқиға орнында жүргізілген медициналық сараптама оның қоғамдық орында мас күйде болғанын анықтады. Нәтижесінде оған ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды, — делінген полиция хабарламасында.