Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Атырауда әскери жаттығу кезінде сарбаз қаза тапты

Атырау облысында әскери жаттығу барысында сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қайғылы жағдай 12 наурыз күні Атырау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде болған.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға дала жағдайындағы жоспарлы оқу-жаттығу кезінде тіркелген. Алдын ала деректерге сәйкес, қаруды қолдану барысында қауіпсіздік талаптарының сақталмауы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Жарақат алған әскери қызметші дереу медициналық мекемеге жеткізілген. Дәрігерлер оған шұғыл көмек көрсеткенімен, сарбаздың өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған.

Оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу бастады. Қазір қайғылы жағдайдың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Сонымен қатар Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиғаны жан-жақты тексеру үшін вице-министр жетекшілік ететін арнайы комиссия Атырауға жіберілді.

Қазақстан Қарулы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан сарбаздың туған-туыстарына көңіл айтып, оның отбасына заңнамаға сәйкес қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button