Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Атырауда блогерді ұрлап, ұрып-соққан екі әйелге сот үкімі шықты

Атырауда блогер Құралай Болатованы ұрлап, ұрып-соққан екі айыпталушы бір жылға сотталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралды.

Екі әйел адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргендері үшін айыпталған болатын.

«2025 жылдың 3 қазанында А. және К. арасында туристік қызмет көрсетілмеуіне байланысты жанжал туындаған, кейін А. және оның танысы С. жәбірленушіге К.-ге физикалық күш қолданған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушіде тіркелген зақымданулар денсаулыққа жеңіл зиян ретінде сараланған», — делінген мәлімдемеде.

Сот сотталушылардың жас балаларының болуын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.

Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылды. Оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаның орындалуы 1 жыл мерзімге кейінге қалдырылды.

Сондай-ақ кінәлілерден 1 млн теңге моральдық және 2,9 млн теңге материалдық залал өндірілді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button