Жаңалықтар

Атырауда енесін өлтірді деген күдікпен келіні ұсталды

Атырау облысы  Қызылқоға ауданындағы Жасқайрат ауылының тұрғыны өз енесін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады Qandastar.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Кісі өлтіру оқиғасы 27 мамырда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы әйел 83 жастағы енесін пышақтап кеткен. Зардап шегуші шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер аман алып қалуға тырысқанымен, ол есін жимай көз жұмды.

Аудан әкімі Абат Ақбалашұлының айтуынша, болған жайт ауыл тұрғындарын шошытып отыр.

«Бұған дейін ене мен келін арасында кикілжің орын алмаған. Оқиғаның не себепті болғаны белгісіз. Тиісті органдар айналысып жатыр. Оқиға кезінде күйеуі үйде болмаған. Ерлі-зайыптылардың бес баласы бар. Ең кенжесі бір жарым жаста», – деді ол.

Полиция мәліметінше, күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Ювеналды полицияның мәліметінше, күдіктінің екі кіші баласы әкесінің келісімімен Атыраудағы сәбилер үйіне уақытша орналастырылған.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close