Атырауда облыстың басты тұғырында Қазақстанның мемлекеттік туы төңкеріліп ілініп, бұл жағдай әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсті, деп хабарлайды qandastar.kz.
Тұрғындар мұны мемлекеттік рәмізге құрметсіздік деп бағалап, жауаптыларды сынға алды. «Бұл облыстың басты туы ғой, қалайша тексеріссіз ілінген?» – деп жазды қолданушылардың бірі.
Куәгерлердің айтуынша, ту бірнеше сағат бойы теріс ілініп тұрған. Кейін қала тұрғындарының бірі мәселені тиісті қызметтерге хабарлап, ту қайта орнына ілінді.
Алайда оқиға көпшіліктің ашу-ренішін туғызып, қоғам белсенділері кінәлілерді анықтап, жауапқа тартуды талап етті.