Білім

Атырауда мұғалім педкеңестен кейін өзіне қол жұмсамақ болған

Фото: ашық дереккөз

Ол кінәлілерді, оның ішінде мектеп директорын оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлағаны үшін жазалауды талап етеді, деп жазды qandastar.kz

Атырау қаласының №37 орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі педагогикалық кеңесте көпшілік алдында ауыр сөз естігеннен кейін өзіне қол салмақ болған.Ulysmedia.kz мәліметінше, отырыс барысында оны мұғалімдердің бірі алаяқтық жасады деп айыптап, белгісіз адамның сөзін келтірген. Кейбір әріптестерінің жәбірленушіні қорғауға тырысқанына қарамастан, мектеп директоры айыптап сөйлеген мұғалімнің сөзін бөлмеген.

Мені педагогикалық кеңес кезінде қорлады. Бұған дейін директор өзінің “қолы ұзын” екенін айтқан. Бұл масқара қорлау болды, мен басқа жолды көрмедім, – дейді амалы таусылған мұғалім.

Оның айтуынша, айыптаулар алынған ақшаға қатысты. Ол мұндай мәселелер педагогикалық кеңестерде талқыланатын тақырыпқа айналмай, құқық қорғау органдары арқылы шешілуге тиіс екенін атап өтті.

Суицид әрекеті кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Мұғалім құтқарылды, қазір ол облыстық ауруханада жатыр. Ол кінәлілерді, оның ішінде мектеп директорын оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлағаны үшін жазалауды талап етеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close