Қаржы және төлемдер
Атырауда облыстық спорт басқармасының басшысы бапкерлерден ақша жинаған

Фото: Stan.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ресми өкілі Арман Тілеуенов Атырау облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дастанбек Қоспановқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты. Бұл туралы qandastar.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дастанбек Қоспанов «Олимпиадалық резервті даярлау орталығының» КММ-нің аға жаттықтырушысы Майлашевтен 1,7 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Шенеунік бұл ақшаға оқу-жаттығу жиындарына бюджет есебінен шығуға көмектесетінін айтқан. Сонымен қатар ол қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін де кінәлі деп танылды. Қоспанов жаттықтырушыларынан заңсыз жалпы сомасы 2,4 миллион теңге жинаған.
“Сондай-ақ басқарма басшысы 1,1 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпты деп танылды. Ол коммуналдық мемлекеттік мекемеде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы есептеп отырған”, – делінген хабарламада.
21 сәуірде Атырау қаласының №2 соты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Қоспановқа қатысты үкім шығарды. Қоспанов 4 жылға, ал Майлашев 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Екі сотталушы да өмір бойы мемлекеттік қызметте, судья және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды