Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Атырауда полиция қызметкерлері пара алып, ұсталды

Атырау облысында екі полиция қызметкеріне қатысты пара алу күдігі бойынша тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметке сәйкес, Мақат ауданының тұрғыны мас күйінде көлік тізгіндеген. Ол құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау мақсатында полиция қызметкерлеріне 300 мың теңге берген. Кейінірек ер адам ақшасын қайтаруды талап етіп, Атырау облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметіне арызданған.

Азаматтың арызы 2025 жылғы 24 желтоқсанда тіркеліп, сол күні сотқа дейінгі тергеу басталған. Сол күні күдікке ілінген полиция қызметкерлері жалпы жиналыс барысында ұсталғаны хабарланды.

Кейін олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша ішкі істер органдарынан теріс себептермен босатылған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button