
Атырау қаласында Жайық өзенінде екі қайық соқтығысып, салдарынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға 22 маусым күні сағат 23:35 шамасында тіркелген.
Полицияның мәліметінше, MAN-0468 және Dolphin ATR-0787 маркалы қайықтар өзара соқтығысқан. Оқиға салдарынан түрлі дене жарақатын алған жолаушыларға медициналық көмек көрсетілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен бес адамның бірі ауруханаға жатқызылып, ем қабылдап жатыр. Қалғандарына қажетті медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық бақылауға жіберілген. Зардап шеккендердің арасында бір бала бар.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция су көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.



