Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Атырауда түрмеде шыққан өрттен екі адам зардап шекті

Атырауда ерлер колониясында өрт шығып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Caspian News-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД мәліметінше, Тасқала ауылында орналасқан түзету мекемесінің шатырынан түтін шыққаны туралы хабарлама түскен.

Жазатайым оқиға кезінде сотталғандар кешкі серуенде болған.

Өрт салдарынан екі адам көмірқышқыл газына уланып қалған.

Оларға дереу медициналық көмек көрсетіліп, қазір жағдайы — жақсы.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button