Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Атырауда ұшақ шұғыл қонды: борттағы жолаушы көз жұмды

Анталиядан Екатеринбургке бағыт алған ұшақ жоспарланған бағытын өзгертіп, Атырау әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұған борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлауы себеп болған.

Ұшақ қонған бойда оны жедел жәрдем бригадасы қарсы алған. Дәрігерлер ер адамға көмек көрсетуге тырысқанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Оқиға 25 тамызда көліктегі полиция бөлімінде тіркелген. Құқық қорғау органдары болған жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушының өліміне жүрек қызметінің жедел жетіспеушілігі себеп болуы мүмкін.

Марқұмның денесі әуе кемесінен түсірілген. Онымен бірге болған әйел де Атырауда қалған. Қалған жолаушылар мінген лайнер кейін Екатеринбург бағытына сапарын жалғастырған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button