Әлеумет және қоғам

Атырауда жолға таласқан жүргізуші жарақат алып қалды

Желіде екі ер адамның сөзге келіп қалып, артынан бірінің қолы жарақаттанған видео тарады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Атырау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Департамент мәліметінше, 24 жастағы Hyundai жүргізушісі мен 38 жастағы Toyota жүргізушісі арасында бір-біріне жол бермеу фактісі бойынша келіспеушілік туындаған.

Салдарынан жас жігіт екінші жүргізушінің қолына жарақат келтірген.

Hyundai жүргізушісі полицияның №2 қалалық бөліміне жеткізілді.

Оған мемлекеттік нөмірсіз көлік айдағаны, міндетті сақтандыру полисінің жоқтығы және көлікті тіркеусіз басқарғаны үшін әкімшілік хаттамалар рәсімделді.

Оның көлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

Жараланған азаматқа медициналық көмек көрсетілді.

Полиция оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

Back to top button