Әлем жаңалықтары

Әуежайда есірткіні жаңа жылдық сыйлық ретінде өткізбек болған әйел ұсталды

Фото: New zealand customs

Жаңа Зеландияның әуежайында канадалық әйел шекарадан 10 килограмға жуық метамфетамин өткізбек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, 29 жастағы әйел есірткіні жаңа жылдық сыйлықтар ретінде ораған. Алайда, кеденшілер оны ұстап қалды.

Олар контрабандашы әйелмен сұрақ-жауап жүргізген. Оның жол сөмкесін тексеріп, ішінен тыйым салынған заттарды тапты.

Окленд әуежайының кеден қызметінің есептеуі бойынша тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,8 миллион жаңа зеландиялық доллар (229 миллион рубль) болуы мүмкін. Кейін канадалық әйел қамауға алынды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close