ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Әуежайларды жаппай сату тоқсаныншы жылдағы қиындықтан да қауіпті — сарапшы

Белгілі қаржыгер Расул Рысмамбетов Қазақстандағы әуежайларды толықтай сатудың ел үшін елеулі тәуекел туғызуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы  Qandastar.kz  сайты  Ulysmedia.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлады.

Қазіргі таңда Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Павлодар, Қызылорда және Түркістандағы әуежайлар жекешелендіруге қойылған.

Рысмамбетовтың айтуынша, мұны тек коммерциялық актив ретінде қарастыруға болмайды.

«Барлығын сату тоқсаныншы жылдардағы қиындықтан да қауіпті болуы мүмкін. Аэропорттар жай бизнес емес, бұл — егемендіктің инфрақұрылымы. Олар қауіпсіздікті, логистиканы, аймақтарды орталықпен байланысты қамтамасыз етеді. Егер оларды ұзақ мерзімдік шарттарсыз жеке меншікке берсеңіз, бүкіл транспорттық жүйенің басқарылуын жоғалту қаупі бар», — деді экономист.

Сарапшы avianews.kz порталына берген сұхбатында оптималды нұсқа ретінде әуежайларды мемлекет меншігінде қалдырып, сенімгерлік басқаруға беру ұсынысын атады. Мұнда оператор 10-15 жылға активті басқарып, KPI көрсеткіштерін орындауға міндетті болады.

«Бұл шешім стратегиялық бақылауды сақтап, баланс орнатуға мүмкіндік береді», — деді Рысмамбетов.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button