Жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіретіндер құн салығынан босатылады

Енді одан әрі алаңсыз жұмыс істеп, табысымызды еселеуге мүмкіндік мол, қосылған құн салығының болмауы өнімнің бағасына да оң әсер етуі тиіс деп есептейді шаруа.
«Оны жалғыз мен емес, ауыл шаруашылығымен айналысатын жігіттердің бәрі қолдайды деп ойлаймын. Себебі ҚҚС бізге өте ыңғайсыз болады. Себебі бағаны көтеру керек, ол қанша процент болады? Бұл істеп отырғаны өте дұрыс деп ойлаймын. Бізге едәуір көмек болайын деп тұр.»Миржан Әлжанов, серіктестік басшысы
Қосылған құн салығы өссе, төмен маржамен жұмыс істейтін компаниялардың шығыны артады.
Әсіресе шектеулі ресурстармен күн көріп отырған коммуналдық қызмет көрсету саласындағы компаниялардың табысы азайып, халықтың әлеуметтік жағдайына кері әсер етуі мүмкін, дейді екібастұздық кәсіпкер. Мәселен, қосылған құн салығын кәсіпкерлердің бәрі төлемейді, деп жазады qazaqstan.tv.
Дәрі-дәрмек, акциздік маркалар, түсті және қара металл сататындар салықтан босатылған. Ал жылу, су, жарық, қоқыс шығаруға жауапты мекемелерге дәл сондай жеңілдік берілсе, тұрғындарға да тиімді болар еді, дейді депутат.
«Аталған компаниялар босатылса, солардың тарифы 12%-дан түсер еді. Бүгінгі күні жылу беретін, жарық беретін, су беретін, қоқыс шығаратын компаниялар мүлдем ҚҚС-нан нөл болатын болса, олар халыққа, абоненттерге қоспаушы еді. Сол кезде тарифтің бағасы 12% төмендеуші еді.»Серік Сәдуақасов, кәсіпкер, облыстық Мәслихаттың депутаты